ШҚО-да нәрестелерді перзентханадан ерекше киіммен шығаруда

404
көрілім

ШҚО-да және аудандық ауруханаларда жаңа туған нәрестелер ерекше жаңажылдық сыйлық алады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Тағдырдың сыйы болып өмірге келген сәбилер ерекше жаңажылдық костюмдерді сыйлыққа алады.

Бұл сыйлықтар үшін ата-аналары ерекше ризашылықтарын білдірді.

- Мен бұл киімдерді сақтап қоямын. Мұндай акция дәстүрге айналады деген ойдамын. Осындай игі шара арқылы дәрігерлердің өз жұмыстарын жақсы көретіні және біздің қуанышымызды шын жүректен бөлісетіні анық көрінеді, - дейді жас ана Жансая Наймашева.

Айта кетейік, аурухана қызметкерлері жаңажылдық бұл киімдерді өздері әзірлеген екен.