ШҚО-да өткен жылы 191 адам өз өзіне қол жұмсаған

277
көрілім

2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында 191 адам өз жанын өлімге қиған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО Статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, суицидке көбінесе ер адамдар барады.

- Былтырғы жылы аймақ бойынша өз өзіне 191 адам қол жұмсаған. Оның 165-і ер адамдар. Ал мұндай қорқынышты қадамға барған әйелдер үлесі тек 13 пайызды құрап отыр, – дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Берік Терлікбаев.

Оның айтуынша, 2018 жылы суицид жасағандар саны 274 адамды құраған. Яғни өткен жылы бұл көрсеткіш 30 пайызға кеміген. Ер адамдар арасында өмірін өлімге қиғандар көбінесе 25-29 жас аралығында болса, әйелдер 35-39 жас аралығында.