ШҚО-да полицияға жалған арыз түсірген ер адамға қатысты іс қозғалды

231
көрілім

Әйелімен сөзге келген еркек ұялы телефоны мен үйіндегі сиыр етінің ұрланғанын айтып, шағымданған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
24 жастағы Бесқарағай ауданының азаматы полиция бөліміне хабарласып, 10 келі сиыр еті салынған кәстрөл мен «Samsung Galaxy J3» маркалы ұялы телефоны қолды болғанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі 80 000 теңге. Алайда бұл жалған ақпар болып шықты.
– Тексеру барысында анықталғандай, шағымданушыға қайтарылған телефонды Семей қаласында өзі жоғалтып алған. Ал сиыр етін зайыбымен ұрсысып қалған кезде ашу үстінде итке берген. Осының нәтижесінде «тоналды» деген дәлелсіз ақпарат жеткізді, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.