ШҚО-да республикалық маңызы бар көлік жолдарын жөндеуге 300 миллиард теңге қаржы бөлінді

351
көрілім

2019 жылдан бастап облыста жол жөндеу жұмыстары басалғаны белгілі. Осы маусымда жол жөндеу жұмыстары оңтүстік-шығыс және орталық-шығыс бағыттарында жүргізілді, мұндағы жол жағдайына жүргізушілер көп шағымданатын, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Облысымызды басқа қала, аудандармен байланыстыратын көлік жолдарының сапасы туралы жаза-жаза жауыр болды десе де болады. Себебі бұл жолдар шұңқырлардан, ауыр жүк көліктерінің ізінен көрінбейтін. Ол үнемі жүргізушілердің наразылығын тудырды. Десек те ағымдағы жылы республикалық маңызы бар тасжолдар жағдайы бақылауға алынған болатын. Көлік жолдарын толықтай жөндеуден өткізу үшін 319 миллиард теңгені құрады. Аталған қаржының бір бөлігі республикалық бюджеттен бөлінді. Нәтижесінде аймақтың стратегиялық бағыттарын қалпына келтіру үшін бірнеше жоба іске қосылды.

- 2019 жылы Қалбатаудан Майқапшағайға дейінгі жол учаскесі жөнделді, - деп хабарлады ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов облыс әкімдігінің отырысында. - Тасжолдың 16 шақырымына асфальт төселді. Алматы трассасында жұмыс енді басталды. Жолдың 17 шақырымы қайта жөндеуден өтті, 458 шақырымдық жол учаскесін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Өскемен-Алтай-Рахман Қайнары тасжолында 32 шақырым, Таскескен-Бақты-Қытай шекарасы бағытындағы 20 шақырымдық жол жөнделді.

Бір маусымда барлық шұңқырларды жамап, жолдарды жөндеуден өткізу әрине, мүмкін емес. Белгіленген жұмыс ауқымының қалған бөлігін келесі жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.