ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза болды

214
көрілім

«Шығыстүстімет» ЖШС-не қарасты Орлов шахтасының аумағында жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

 13 шілдеде сағат 03:00 шамасында тау жыныстарының опырылуы салдарынан Орлов шахтасының бекітушісі қаза тапты. Тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілген. Оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.

- Оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады, - делінген KAZ Minerals Тобы баспасөз қызметі таратқан мәліметте.