ШҚО-да су тасқынының алдын алу үшін өзендердің жағалауы нығайтылып жатыр

106
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі уақытта облыстың таулы аудандарында әлі де қар көп. Су тасқынының екінші толқыны басталуда. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар өзендердің арналарын тазартып, түбін тереңдетіп, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуде.  
«Шығыс Қазақстанның су айдындарында су деңгейінің көтерілу деңгейін анықтап отыру үшін бақылау белгілері қойылды. Катонқарағай ауданындағы Өрел өзенінің 1000 метр жағалауы нығайтылды. Алтай ауданы Зубовск кентіндегі Гребка өзенде де жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзендерге ғана емес, көлік жолдарына да ерекше назар аударылған. Мәселен, Глубокое ауданындағы облыстық маңызы бар Веселовка-Верх-Уба және Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолдарын қызыл су шайып кетуінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
Жергілікті атқарушы органдар, жол қызметтері және шаруа қожалықтарының жұмысшылары жолдардың бір бөлігін топырақпен толтырып, нығыздап, су өткізу құрылыстарын орнатты. Автожолдар қозғалыс үшін ашық.
Алтай ауданында су тасқынына қарсы шараларға ҚР ТЖМ әскери қызметшілері көмекке тартылды. Наурыз айынан бастап олар 9 шақырым арықтарды, тереңдігі 1-ден 3 метрге дейінгі 81 су өткізгіш құрылысын қардан тазартып, 3 мыңнан астам ыдыс-қапты төседі.