ШҚО-да сынап бағанасы минус 36 градусқа дейін төмендеді

267
көрілім

Ең төменгі температура Алтай ауданында тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД мәліметі бойынша, бүгін таңертең Алтай ауданында термометр бағаны минус 36 градусқа, Бородулиха, Көкпекті аудандарында ауа температурасы минус 35 градусқа және Глубокое ауданында минус 33 градусқа дейін төмендеген.

Аяздың күшеюіне байланысты аталған аудандарда және Семей, Курчатов қалаларының мектептерінде сабақ тоқтатылды.

Қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, Өскемен қаласында енді мұндай шешімдерді мектеп басшылары қабылдайды. Егер сабақ тоқтатылатын болса, әлеуметтік желідегі ата-аналар чатына дереу хабар жіберіледі.