ШҚО-да тәртіп сақшылары өмір бойы құжаттарсыз жүрген әйелге көмектесті

581
көрілім
Шартты фотосурет

Мәселен, бірнеше ай бұрын Өскемен қаласының полиция басқармасына Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды мүлдем алмаған 48 жастағы тұрғын көмек сұрап жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Азаматша 90-жылдары Ресейге 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатпен барып, онда 2 жыл тұрып, қайтып оралды. Ол жаққа кеткенге дейін мектеп бітіріп, Шемонаиха ауданында жұмыс істеген.
- Әйел адам 27 жыл бойы құжаттарсыз өмір сүргендіктен, оның ресми жұмысы да болмаған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер. - Көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық қажетті құжаттарды жинап, Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарды сұратуға көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ол көптен күткен құжатына қол жеткізіп, енді ауруханаға жүгініп, ресми түрде жұмысқа да тұра алады.