ШҚО-да тұман күтіледі

316
көрілім
Шартты фотосурет

Синоптиктер болжамынша, фронталды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында нөсер жауын жаңбыр жауады, тек еліміздің орталығында жоғары қысымға байланысты күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – тұман, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 25 м/с болады. Күндіз еліміздің солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

ШҚО-да тұман түсіп, солтүстігінде жел 15-20 м/с соғып, күндіз таулы аудандарында көктайғақ күтіледі.