ШҚО-да тұман түседі

377
көрілім

Бүгін республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ел аумағының қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстанның кей жерлерінде көктайғақ болады

Синоптиктер мәліметіне сәйкес, ШҚО-ның кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.