ШҚО-да тұман түседі

303
көрілім

Ел аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон ықпалын тигізеді, ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрмоетке сілтеме жасап.
Мамандар болжамынша, республиканың кей жерлерінде тұман сақталады, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.