ШҚО-да тұман түседі

365
көрілім
Шартты фотосурет

Ел аумағының басым бөлігі әлі де Солтүстік антициклон жотасының ықпалында болады және аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде түнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады.
Синоптиктер болжамынша, республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, батысында – көктайғақ болып, жаяу бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.