ШҚО-да тұман түседі

444
көрілім
Шартты фотосурет

Антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумай, күн ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгдирометке сілтемеге жасап.
Атмосфералық фронттардың ықпалына байланысты республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай соғады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі.
Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжауда.
Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.