ШҚО-да тұман түседі

344
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстік-шығысының таулы аудандарында фронттардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Соның әсерінен жаңбыр жауып, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.

Синоптиктер Павлодар облысының солтүстігінде және батысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі деп болжауда.