ШҚО-да тұман түседі

331
көрілім
Шартты фотосурет

Жұма күні әлі де ауқымды антициклонның ықпалымен республикамыздың басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, желдің күшеюі ықтимал.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп болжануда.