ШҚО-да тұман түседі

343
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронттар ел аумағының басым бөлігіне әсер етуінен ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын болады, күндіз оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде бұрқасын соғуы күтіледі.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында тұман түседі деп болжауда.