ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

320
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болып, тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, еліміздің батысы мен солтүстік-батысына Финляндия аймағынан циклонның жырасы жылжып, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерінде жел жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді деп болжануда.

ШҚО, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарының басым бөлігінде күн райы ашық болғанымен, кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.