ШҚО-да Владимир Минаев туралы кітап жарыққа шықты

324
көрілім

23 қараша күні қалалық кітапханада Владимир Минаевтің «Страницы жизни» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл автор өмірден озар алдында жазған, өз көзімен көру бұйырмаған кітап. Бұл роман – Владимир Филиппович өзінің жан-жақты жаңалыққа толы өмірінің негізгі беттерін ашатын және жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдардағы ұрпақтың образын қалыптастыратын күнделік.

Кітапта ол өзі адал қызмет еткен сала: телевизия және әдебиет, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі журналистика бөлімінің ашылуы, сондай-ақ отбасы, махаббат, балалары туралы баяндалады.

Шығарылым Галина Петровна Минаеваның аннотациясымен басталады. Танымал тележурналист, облыстық телеарнаның бұрынғы басшысы, Владимир Филипповичтің өмірлік серігі болған. Олардың таңдыр жолы он алты жылға жуық уақыт бойы бірге болған.

Галина Иванова

Владимир Филиппович Минаев – танымал журналист, педагог, тележүргізуші. Филология ғылымдарының кандидаты, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры. Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры. 2016 жылдың 29 қыркүйегі күні өмірден озды.