ШҚО-да жалған ақпарат таратқандар бес жылға сотталуы мүмкін

317
көрілім
Шартты сурет

Облыстық полиция департаменті басшылығындағылар жалған ақпарат бергендер саны азаймай тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Берілген мәліметке сүйенсек, жыл басталғалы жалған ақпарат айтып, қоңырау шалудың төрт жағдайы тіркелген. Осы ретте әрбір шақырту бойынша хабарламалар тексерілген.
– Бұндай қоғамдық резонанс туғызып, жалған ақпарат беріп құқық бұзғандарға ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Оның санкциясымен бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмақ.