ШҚО-да жаңбыр күтіледі

521
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ел аумағында жаңбыр, батыста нөсер жауын жауып, тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды деп болжануда.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейіп, кей өңірлерінде жаңбыр жаууы ықтимал.