ШҚО-да жарты жылдың ішінде құрылыс жұмыстарына 58,5 млрд теңге жұмсалды

473
көрілім
2017 жылдың 6 айында облыс бойынша құрылыс жұмыстарына 58,5 млрд теңге жұмсалған. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 8,5 млрд теңгеге көп, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаевтың хабарлауынша, кейбір аудандарда құрылыс жұмыстарының төмендегендігі байқалады. Атап айтқанда, бұл көрсеткіш Риддер қаласында – 85,9%-ға, Курчатовта – 28,6%-ға, Аягөз ауданында – 33,8%-ға, Көкпектіде – 61,1%-ға, Ұланда – 31,5%-ға азайған.

Айта кету керек, облыс бойынша биылғы жылдың 1-ші жартысында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі – 147,8 мың шаршы метрді құраған.