ШҚО-да жаяу бұрқасын соғады

292
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, батысында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасынмен дауыл күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, бірқатар аймақтарда тұман болады, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, түнде солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, облыстың шығысында 23-28 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі, шығысында, орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.