ШҚО-да жел екпіні күшейеді

272
көрілім
Шартты фотосурет

Ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етуіне байланысты ауа райы ашық болады. Тек солтүстік-батыста ауа ағынының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында тұман түсуі күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел жылдамдығы 18 м/с жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн бұлттанып, найзағай түседі деп болжануда.

ШҚО-да күн райы ашық болып, кей өңірлерінде жел екпіні күшейеді деп күтіледі.