ШҚО-да жел екпіні күшейеді

410
көрілім

Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік жартысында, шығысында және қиыр оңтүстігінде қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың қалған аумағына антициклон ықпал етеді, сондықтан күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, боран соғады деп болжауда.