ШҚО-да жел екпіні күшейеді

382
көрілім
Шартты фотосурет

Республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпал етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі.

Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте найзағай, бұршақ болады.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжауда.