ШҚО-да жел екпіні күшейеді

422
көрілім
Шартты фотосурет

Ел аумағының басым бөлігінде Батыс антициклонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіліп, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

Синоптиктер күндіз Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжауда.