ШҚО-да жел екпіні күшейеді

617
көрілім
Шартты фотосурет

Антициклон жотасының әсерінен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде найзағай, солтүстік-шығыста бұршақ және дауылды жел соғады деп болжануда. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, кей аудандарында аптап ыстық сақталады.