ШҚО-да жел екпіні күшейеді

325
көрілім
Шартты фотосурет

Фронтальды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстігінде жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың батысы, оңтүстік-шығысы жоғары қысым өрісінің ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі ықтимал.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз Түркістан облысының тау асуларында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.