ШҚО-да жел екпіні күшейеді

649
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс циклон шұңқырының өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын соғып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста, облыстың орталығында тұман болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.