ШҚО-да жел екпіні күшейеді

246
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика аумағында қар жауып, жел екпіні күшейіп, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын соғып, облыстың оңтүстігінде - тұман, облыстың шығысында-15-20 м/с жел тұруы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с жел тұрады деп болжануда.