ШҚО-да жел екпіні күшейеді

370
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика бойынша жекелеген аймақтарда тұман және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде жел екпіні күшейіп, түнде ШҚО-да тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.