ШҚО-да жемқорлық қылмысын хабарлаған 40 адамға 6 млн теңгеден астам сыйақы төленген

1014
көрілім
Фотосурет ru.tazael.kz сайтынан

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды ынталандыру жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетігі болғандықтан Департамент мамандары аталған мәселеге көңіл бөлуге шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көпшілікке мәлім, 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілері туралы азаматтарды көтермелеу жүйесі құрылып, оның жаңа сараланған жүйесі енгізілді. Бұрын бұл қылмыс санатына байланысты жүзеге асырылған.

– Қазіргі уақытта егер пара сомасы 1 мың АЕК-тен жоғары болса бұл туралы хабарлаған адам пара немесе залал сомасына байланысты осы соманың 10% - на ие болады. Мысалы, егер сыбайлас жемқорлық қылмысының залал көлемі немесе пара 50 млн. теңге болса, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұлға 5 млн. теңге алады, – дейді мамандар.

2021 жылдың 1 тоқсанында республика бойынша 40 адамға жалпы сомасы 6,4 млн.теңге сыйақы төленді.

Жауапты тұлғалар жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылатынын жеткізді. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қорғауында болады және мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып саналады.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Сall-орталыққа 1424 нөмірі бойынша, шығысқазақстандықтарға 8 (7232) 29-88-88 нөмірі бойынша ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қоңырау шалуға болады.

– Өңірдің барлық тұрңындарын берік азаматтық ұстаным танытып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауларын сұраймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, тек қоғам болып бұл әлеуметтік мәселені жеңе аламыз, – дейді мамандар.