ШҚО-да жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында жиын өтті

450
көрілім

Бүгін Абай атындағы Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжінің ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сынды өзекті тақырыптар қамтылған жиын өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шара ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдерімен кездесу түрінде, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін студенттердің құқықтық сауаттылығы деңгейі мен сапасын арттыру маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы Мейіргүл Сахариева, өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Арайлым Есімбекова, Халифа Алтай мешітінің бас имамы, штаб мүшесі Ермек Мұқатай қатысты.

Шара барысында Мейіргүл Сахариева студенттерге «Парасаттылық пен Адалдық» қағидаларын насихаттай отырып, «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар туралы баяндама жасап, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.

Өз кезегінде, Арайлым Есімбекова болашақ ұстаздарды дайындайтын білім ордасы ұжымының жұмысына парасаттылық, әділеттілік, адал еңбек қағидаттарын ұстану арқылы студенттерге үлгі болуға шақырды.

Сонымен қатар кездесуде Халифа мешітінің бас имамы жемқорлыққа дін тұрғысынан толыққанды түсініктеме берді.