ШҚО-да жол апатынан аудандық сот төрағасы қаза болды

1560
көрілім

Жол-көлік оқиғасында қызметтік көлік аударылып №2 Катонқарағай аудандық сотының төрағасы жан тапсырды, деп хабарлайды Бұқара.кз тілшісі

23 мамыр күні түске таман Катонқарағай ауданында ауып қалған көлік байқалған. Автокөлік Шығыс Қазақстан сот әкімшілігінің балансындағы қызметтік көлік болып шықты.

Рөлде № 2 аудандық сотының төрағасы Фархат Айнеков отырған, - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі, - Жүргізуші сол жерде жантәсілім етті.

Фархат Айнековтың артында әйелі және төрт баласы қалды.