ШҚО-да ЖОО комплаенс-қызметтер енгізіледі

193
көрілім

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы және жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу талқыланды.

Жиында өңірдегі жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Шара барысында Департамент басшысы Ерлан Жалмағамбет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес тақырыптар талқыға салынды. Нақты айтсақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндеттерінің бірі ұйымдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құру айқындалғаны» сөз етілді.

Сондай-ақ ол университеттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу және студенттер мен магистранттар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарларды іске асыру қажеттігіне назар аударды. Өз кезегінде, Департамент университеттер құрылымында көрсетілген қызметтерді ашуда әдістемелік көмек береді.

Жоғарыда көрсетілген бағытқа байланысты туындаған сұрақтар бойынша 87232 - 298930 телефонына хабарласуға болады.