ШҚО-да жүзден астам елді мекенді тасқыннан қорғау жоспарланып отыр

351
көрілім

Аймақта 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қауіпін ескерту бойынша жол картасы әзірленді. Іс-шараның бір бөлігі орындалып қойған. Қай қалалар мен ауылдар алдағы уақытта тасқын қауіпінен құтылады екен? Бұл туралы ТЖ бойынша департаментінде хабарлады.

Үш жыл ішінде Шығыс Қазақстанда елді мекендерді мүмкін су тасқынынан қорғау бойынша іс-шаралардың кешені жүргізіледі. Оның ішіне өзендердің тереңдігін өлшеу, арналарды түзету, жағалауларды бекіту. Қорғаныс бөгеттерін тұрғызу және тағы сол сияқты жұмыстар кіреді.

Ағымдағы жылы аталған жұмыстардың бірқатары атқарылып та қойды. Олардың көбі Шемонаиха ауданындағы Оба өзенінде жүргізілді. Сондай-ақ, Риддердегі Тихая өзенінің түбі 300 метрге тереңдетілді. Зайсан ауданында үш бөгет бекітілді. Жылдың соңына дейін Катонқарағай ауданындағы Ақсу ауылының маңында орналасқан Солоновочка өзені (800 метр) мен Ұлан ауданы Тарғын ауылындағы Қосбұлақ бұлағының түбін тереңдету жұмыстары аяқталмақ.

Бородулиха ауданындағы тасқынға қарсы қорғаныс іс-шаралары бюджеттен аса көп қаржыны қажет етпеді. Осы жылы мұнда тек Новопокровка ауылындағы Жура өзені тереңдетілді.

Барлық жұмыстар демеушілердің есебіне жасалып отыр. Келер жылы бес жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарда бар. Оның үшеуі Өскемен мен Семейге қатысты. Сонымен қатар, Абай ауданы Қарауыл мен Күршім ауданы Қалжыр ауылындағы қорғаныс бөгеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.