ШҚО-да жүзуден ауқымды жарыс басталды

340
көрілім

Өскемен қаласындағы «Алтай жұлдызы» аталатын жарысқа Риддер, Түркістан, Қостанай облысы, Павлодар, Алматы және Екібастұз қалаларынан командалар келді.
Бұл жарыс біздің қаламызда екінші рет өткізіліп отыр.
- Біздің бассейн жұмыс істеген алғашқы күннен бастап су спортын дамыттық, - дейді су спорты бойынша олимпиадалық резервтегі облыстық Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мерхат Болатханов. - Бес жыл ішінде бізде мақтанатын нәрсе бар. Мәселен Ақтөбедегі соңғы турнирде біздің Таисия Короткова бірден бес алтынды жеңіп алып, облысымыз командалық бірінші орынды иеленді!
«Алтай жұлдызы» турнирінің алғашқы жарыс күнінде жүлдеге 2004 жылғы және одан кіші жасөспірімдер таласқан.

«Мен қатты толқып отырмын, бірақ осы жарысқа қатысқаныма қуаныштымын», - дейді жарыстың ең жас қатысушысы Риддерден келген 9 жасар Тамара Устьянцева.
Нәтижесінде жергілікті жүзу мектебінің оқушылары жеңімпаздар қатарынан көрінді. Сонымен сайыстың бірінші түрінде - 50 метрді еркін стильмен жерлесіміз Әлихан Байшалов қола жүлдегер атанды. Тағы бір қола медалді Айым Сәкенова 200 метрді брасс әдісімен жүзуден алса, екінші орынға көтерілу тек Анна Блинованың қолынан келді. Есесіне жерлесіміз екінші орынға екі мәрте тұрақтады: баттерфляй және кешенді жүзу бойынша.
Біршама жоғары деңгейдегі жарыста Иван Головня (200 метрді брасс әдісімен) және риддерлік Тимофей Кучин (400 метрге кешенді жүзуден) топ жарды.
Аталмыш турнир 14 қарашада аяқталады.