ШҚО-дағы онкологиялық орталыққа жаңа тамақтандыру жүйесі енгізілді

260
көрілім

Бұл туралы ШҚО Онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Біздің Онкологиялық орталық ұдайы госпитальді сервисті дамытуда, деңгейін көтеруде тынбай еңбек етіп келеді. Бұл бағытта біз үшін «ұсақ-түйек» деген ұғым жоқ, Бәрі де маңызды. Емдеумен қатар, пациенттерімізді тамақтандыру жүйесіне асқан көңіл бөлеміз. Бұл әсіресе стационаралық ем алып жатқан науқастардың тез сауығып, ауруды жеңіп шығуларына ықпал етеді. Оның үстіне осы бағытта жұмсалатын қаржы көлемін де жыл сайын арттырудамыз. Пациенттерімізге берілетін тағамдардың рационы әр алуан. Ішінде жемістер, көкеністер, шырындар, сүт, балық өнімдері бар, - деді ол.

Берілетін тамақтың сапасымен қатар, оның эстетикалық тұрғыда көзге жағымды, ыңғайлы болуына да көңіл бөлінген.

Осы орайда, жуырда жаңа жүйе – таблет-тамақтандыруды енгізіп бұл мақсатқа арнайы термо-контейнерлер қолдана бастадық. Бұл жаңалықтың пайдасы өте көп. Дәлірек айтқанда,  тамақтың сапасы қаз қалпында сақталып, суымай, жылы күйінде тұрады. Тағы бір қоса кететін жайт, осы термо-контейнерлерді арнайы жуғыш машинада жуамыз. Бұл ретте,барлық санитарлық талаптар  орындалған. Мен біздің пациенттерімізге әрқашан мойымай, күрескер қалыптан таймауға шақырамын. Қазақ мақалы айтып тұрғандай, «Ас – адамның арқауы», ендеше, дұрыс, пайдалы тамақтану арқылы сауығуды жақындата түсе болатындығына сену керек, - деді Гүлмира Сағидуллина.