ШҚО-ның кей аумағында қар жауды

309
көрілім

Бүгін түнде өңірдегі Катонқарағай, Күршім аудандары мен Риддер қаласының маңына қар жауды, хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Куәгерлер әлеуметтік желілерде қар басқан жолдардың видеолары мен фотосуреттерін жариялауда. tvoi_vko.kz инстаграм парақшасына салынған видео авторының айтуынша, Марқакөл қорығының аумағындағы Ұранхай ауылында таңертең қар 12 сантиметрге жеткен. Сондай-ақ Риддер қаласының маңындағы тауға, жол мен шыршаларға қар түскен.