ШҚО-ның оңтүстік аумағына Зайсан ауданының Сарбұлақ газ кен орнынан газ тарту жұмыстары жалғасуда

493
көрілім

Газбен қамтамасыз ету шараларының жоспарына сәйкес, 2018 жылдың шілде айында Зайсан ауданының Дайыр, Көкжыра, Қуаныш, Біржан, Сартерек, Жарсу, Бақасу және Саржыра сияқты сегіз елді мекенін газға қосу жұмыстары аяқталмақ, деп хабарлайды Бұқара,кз сайтының тілшісі.

Жүргізілетін жұмыстардың жалпы құны 89,6 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта оның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр. Ал магистральды газ құбырларын тартумен "Bauprojekt" ЖШС айналысады. Ауыл ішіндегі құбырларды тарту жұмыстарын "Икар-Строй" ЖШС жүргізетін болады. Мердігер компаниялардың мамандары ауданға геологиялық срапатама жүргізіп, газ құбырларының тартылу бағыттарын анықтап қойған.

Газбен қамтамасыз етудің ендігі кезеңі көрші аудандарды газға қосу болып табылады. Облыстық Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, жақын жылдарға жасалған жоспарға сәйкес, облыстың 60 елді мекенін газдандыру ісі болжанып отырған сияқты. Олардың 24-і Тарбағатай ауданының, 14-і Үржар ауданының, 14-і Күршім ауданының, 8-і Зайсан ауданының елді мекендері.

Осылайша, көгілдір отын 95 мыңнан астам тұрғынның үйлеріне жеткізілмек. Қазіргі уақытта аталған жоба техникалық-экономикалық негіздемеден өткізілу үстінде. Бұл жоба халықаралық қаржылық ұймдардың қаржыларын тарту арқылы жүзеге асырылмақ.

Ерлен ОСМАНОВ