ШҚО-ның өзен-көлдерінде өткен жылы 10 миллионға жуық балық шабақтары құтқарылған

592
көрілім

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан хабарлайды.

Басқарманың хабаралуынша, балық шаруашылықтары мен құзырлы мемлекетік мекемелер балық шабақтары тартылған және құрғап жатқан су айдындары мен тоғандарында құтқару жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осының арқасында 2016 жылы облыс өңірінде жалпы 9 782 440 балық шабақтары құтқарылған. Соның ішінде:

Зайсан көлінде – 8 073 630,

Бұқтырма су қоймасында – 1 708 210,

Жергілікті су айдындарыда — 600.

Ең көп құтқарылған балық түрлері: табан, карп және мөңке.

Мейрамбек Қосажан