ШҚТУ қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдырып жатыр

837
көрілім

30 наурыздан бастап Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушылары мен қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдыруда. Алғашқылардың бірі болып препаратты университет ректоры Жасұлан Шаймарданов алды.

Сол күні ректор қызметкерлерге вакцинаға байланысты пікірімен бөлісіп, оның маңыздылығы жайында айтқан. Осылайша, бірінші күні білім ордасының 50-ге жуық  маманы екпе салдырды.

ШҚТУ-дың бірінші проректоры Сауле Рахметуллина өз пікірі мен екпеден кейінгі қал жағдайымен бөлісті.

- Екпені салуға бір-екі минут қана уақыт  кетті. Әр азамат туралы ақпарат электронды базада бар. Дәрігер оны қарап, қан қысымын тексеріп, коронавирус инфекциясы симптомдары болған-болмағанын сұрады. Содан соң екпе салдыруға келісім беретін қағазға қол қою қажет. Процедурадан кейін мені жарты сағат көлемінде бақылауда ұстады. Шынымды айтсам, ерекше ештеңе сезбедім, қал жағдайым әдеттегідей болды, - деді проректор.  

Екпе салдырғаннан кейін пациентке «Спутник-V» препаратының бірінші дозасын алғаны туралы және екінші компонентті салатын уақыты көтсетілген SMS-хабарлама келеді.