Шығыс Қазақстан бойынша ААҮ «Электронды байланыс» – жаңа онлайн қызметін ұсынады

322
көрілім

Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін үндеуін кез келген мемлекеттік органға egov.kz мемлекеттік қызметтер және ақпарат интернет-порталы арқылы жіберуге болатын мүмкіндік туды.

Бұл қызмет түрін пайдалану үшін порталға тіркеліп, «Электронды байланыс» сервисін таңдап, ұсынылған кестені толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбаңызды (ЭЦҚ) қолдану керексіз. Егер сізде ЭЦҚ жоқ болса, ««Азаматтық үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» кез келген филиалына тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша құжаттарыңыз бен жеке куәлігіңізді алып бару арқылы бірнеше минутта-ақ ала аласыз.

egov.kz порталын қолдану арқылы сіз үндеуіңіздің тиісті жерге жететініне, статусыңызды бақылауға және үйден шықпай-ақ порталдан жауап алуға кепілдік аласыз.

ШҚО Аймақтық байланыс қызметі