Шығыс Қазақстан оқушылары онлайн режимде диктант жазады

254
көрілім

ШҚО-да облыс және қала мектептерінің оқушылары үшін онлайн диктант жазу жоспарлануда. Аталмыш шара жаңа технологияларды қолдану арқылы «Ақылды қала» жобасы аясында өтеді.

ШҚО оқушылары онлайн режимде диктант бірінші рет жазып тұрмағанын айта кету керек. Оқушы ШҚО Білім басқармасының bilimvkoportal.kz білім порталына тіркеледі. Аудиофайлды тыңдап, компьютерде мәтін теріп, қорытындысын алады.

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі Жаңа технологиялар Орталығындағы мониторинг және білім сапасын бағалау зертханасының меңгерушісі Айгүл Муканованың айтуынша, 29 қараша күні сағат 10.00-де диктант жазу іске асады. Бүгінгі таңда білім бөлімі хат-тапсырмалар мен қатысушы мектептердің тізімін әзірлеуде. Оқу орнының техникалық мүмкіндіктері ескеріледі.

Диктант үш тілде жазылады. Ағылшын тілін тереңдете оқытатын мамандандырылған мектептер диктантты ағылшын тілінде, орыс тілінде білім беретін мектептер орыс тілінде, қазақ тілінде білім беретін мектептер қазақ тілінде жазатын болады.

Мұндай диктантты облыстағы оқушылар Тілдер мерекесіне орай жазған болатын. Ол кезде сынаққа 600 бала қатысқан болатын.

Бұл жолы 1000 бала қатысады деп жоспарлануда. Диктант Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орайластырылады.

Галина Иванова