Шығыс Қазақстан ұстаздары сыйақымен марапатталады

314
көрілім

2017 жылдың тамыз айында тілдік пәндердің үздік 12 оқытушысы облыс әкімі Даниял Ахметовтан сыйақы алды. Сыйақы мөлшері мардымды болды: 170 мыңнан 800 мың теңгеге дейін.

2017 жылы 29 қараша күні Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің брифингінде мұғалімдерге сараланған қаржылық ынталандыру туралы айтылды. Мұғалімдер кәсіби қызметтері үшін жиі сыйақы алмайды. 2016-2017 оқу жылында осындай марапатқа ие болу мүмкіндігі қазақ, орыс және ағылшын тілінен сабақ беретін аймақтағы 3400 мұғалімге бұйырды. Даниал Кенжетайұлының бастамасымен облыста іске асып жатқан үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқытушылар кәсіби шеберліктерін шыңдап, тіл меңгеру біліктілігін арттырды. Негізгі мақсат – үш тілді меңгеріп, еркін сөйлеулері үшін мектеп оқушыларына өздері үйренген оқу дағдысын жеткізу.

Оқытушылар курстарда халықаралық үлгідегі оқулықтар бойынша тілді үш деңгейлі оқыту әдістерін меңгерді. Олар қазақ тілін Абай атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Шамсиқызы Фаузия Оразбаева дайындаған оқулық бойынша оқытады. Қазақ мектептеріндегі орыс тілі РФ ММПУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Елизавета Александровна Хамраеваның бағдарламасы бойынша оқытылады. Ағылшын тілі Кембридждік оқулықтарға сүйеніп оқытылады.

Курс қорытындысы бойынша барлық мұғалімдер емтихан тапсырды. Арнайы құрылған комиссия курстарда кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсеткен 21 педагогтың жұмыстарын бақылады. Алдымен оқытушылардың үйренген дағдысын оқушыларына үйрете білу қабілеті ескерілді. Комиссия мүшелерінің шешімімен оқушылары жақсырақ үйренген 12 мұғалім облыс әкімінің сыйақысына ие болды. Сыйақы ШҚО-дағы педагогика саласындағы қызметкерлердің дәстүрлі түрде өтетін тамыз жиналысында табысталды.

ШҚО-дағы үштілді білім жобасы Республикалық «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы» әзірлеген «Білім және тәрбие» ішкі бағдарламасы аясында жүзеге асуда.