Шығыс Қазақстанда бесінші сынып оқушылары үшін 17 сағаттық жаңа факультатив енгізіледі

343
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде «Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары» атты жаңа факультативтік курс енгізіледі. Оны осы жылы бесінші сынып оқушылары оқитын болады. Аталған курс 2017-2018 оқу жылының екінші тоқсанында басталады. Факультативтік курс 17 сағаттан тұрады және оны сынып сағатының есебінен сынып жетекшілер жүргізеді.

Жобаны мақсаты – туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен дәстүрлерін терең зерттеу. Өткен оқу жылының екінші жартысында бұл курс облыстағы тоғыз мектепте сынақтан өтті. Өскеменде факультативті Мұхтар Әуезов атындағы №17 орта мектепте, Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейде сынақтан өткізді. Сынып сағаттарында оқушылар топқа бөліну арқылы қазақтың әдет-ғұрпын зерттеп, әртүрлі рөлдерді бөлісіп алып, әртүрлі салт-дәстүрді көрсетті және плакаттар жасап, сынып алдында қорғады.

Туған жердің тарихы мен мәдениетіне еш байланысы жоқ математика, ағылшын тілі және басқа да пән мұғалімдері үшін бұл тапсырма қиынға соқпай ма?

Жобаның спикері, ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» аймақтық орталығы басшысының орынбасары Аркадий Исаевқа осы сұрақтарды қойдық.

Аркадий Анатольевич:

Былтыр облыстағы тоғыз мектепте курстың сынақтан өтіп жатқан кезде біз сынып жетекшілерін де қосымша пәнді қалай жүргізу керек екендігін үйреттік. Бұл курсты жүргізу үшін екі оқу бағдарламасы дайындалды. Оның бірін профессор Жылқыбаева басшылық еткен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы ғалымдар тобы дайындаса, екіншісі «Ситуативті қазақ тілі» деген атаумен ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Тасыбековтың басшылығымен дайындалды. 2017-2018 оқу жылының екінші жартыжылдығында біз сынып сағаттарының әдістемелік әзірлемелерінің конкурсын өткізгелі отырмыз. Соның қорытындысы бойынша әдістемелік құрал шығарамыз, – дейді.

Ирина Плотникова

Факультативтік курс «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының аясында бастау алған «Туған өлкетану тарихы» жобасы аясында енгізілді. Оны ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» аймақтық орталығы жасады.