Шығысқазақстандық семсерші Азия чемпионы атанды

704
көрілім

Гонконг қаласында өткен семсерлесуден Азия Чемпионатының финалдық ойынында өскемендік Руслан Курбанов үш қарсыласынан да басым түсті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1/4 финалда жерлесіміз Тайпейден келген спортшы Chuang Po Yu-ді 15:4 есебімен оңайлықпен тізе бүктірді. 1/2 финалда шайқас алаңына шыққан Руслан бастапқыда әлсін ойын көрсеткенімен, кейін барын салып Оңтүстік Корея спортшысы Kweon Yong Jinsun-нан 15:13 есебімен жеңісті тартып алды. Ал финалдық жарыста Оңтүстік Кореядан келген тағы бір семсерші Youngjun-ді 15:10 есептік көрсеткішпен сүріндіріп, сайыстың жеңімпазы атандыф.

Үш бірдей мықты қарсыласты қапы қалдырған Руслан Азия Чемпионатында жеңіске жетіп, алтынға ие болды.

Қаншама дайындықтың арқасында қол жеткізген «алтынның» иегері, мен оның бапкері Ссергей Ананьевке көршілес Ресей, Түркия сынды өзге елдерден құттықтаулар келіп түсуде.

– Жеңісімізбен жан-жақтан құттықтап жатыр. Бұл дегеніміз еліміз үшін де, Шығыс өңірі үшін де үлкен мәртебе, – деп қуанышымен бөлісті ШҚО семсерлесу спортының бас бапкері Сергей Владимирович.

Фотосурет: sports.kz