Шығыста парасаттылық идеологиясы насихатталуда

368
көрілім

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанынан құрылған ақпараттық-ағарту штабының төрайымы Арайлым Есімбекова Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында offline форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесудің басты мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету.

Шараға облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары, тұрақты оқырмандар қатысты.

- Адамдардың санасын өзгерту қажет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді күресте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа берік иммунитетті қалыптастыру қажет, сондай-ақ қоғамның белсенді қатысуынсыз қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес, - деп атап өтті облыстық штаб басшысы.