Шыңғыстайдағы Оралхан Бөкейдің мұражай үйі қайта бой көтеретін Әбдікерім Ережепұлының мектеп-музейіне көшіріледі

833
көрілім

110 жылдық тарихы бар Әбдікерім Ережепұлы салдырған мектептің құрылысы қызу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта құжат-қағаздармен бірге, қайта жаңғырған мектептің маңын абаттындыру жұмысы қалған. Бұл туралы баспасөз мәслихатын өткізген Катонқарағай ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Шыңғыстай ауылында 1907 жылы салынған мектептің іргетасы қалыпты. Сол жерге дәл сондай мектептің құрылысын жүргізіп, ағаштан салып қойдық. Абаттандыру, құжат жұмыстары қалды. Аяқталғаннан кейін ауданның балансына беріледі, – дейді Ахметқали Нұрғожин.

Аудан әкімінің айтуынша, қайта бой көтеретін 110 жылдық мектеп музей ретінде ашылады.

– Шыңғыстай ауылында балалар оқитын мектеп бар. Ал ені мен ұзындығы 12-18 метрлік нысан музей ретінде ашылады. Ауданымызда музей жоқ. Оралхан Бөкейдің музейі сонда көшіріледі. Музейде сонымен қатар, Шыңғыстайдан шыққан танымал түлектердің бұрышы болады, – дейді аудан әкімі.