Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

315
көрілім
Фотосурет zhardem.kz сайтынан

9 қаңтар күні Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ-КЕ сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, ауа сапасының ластануы Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Семей, Теміртау, Өскемен және Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.